Бүгін елорданың ботаникалық бағында Дүниежүзілік денсаулық күні мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шара өтті.

Бүгін елорданың ботаникалық бағында Дүниежүзілік денсаулық күні мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шара өтті.

Әріптестеріміз «СӨЗДЕН ІСКЕ/ WALK THE TALK/ ОТ СЛОВ К ДЕЛУ»
ұранымен өткен осы акцияда қысқа қашықтыққа жүгірді.
Іс-шараға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла қатысты.

Ажар Ғиният өз сөзінде Дүниежүзілік денсаулық күнін өткізудің маңыздылығын атап өтіп, сонымен бірге барлығын өз денсаулығын нығайтуға, профилактикалық тексерулер мен егулерден уақтылы өтуге шақырды.

Дене белсенділігін насихаттауға бағытталған бұл іс-шараға 1 мыңнан астам адам қатысты.

Research Center

Қасиетті Рамазан айында ЖМК бөлімшесінің қызметкерлері мен фильтр кабинетінің көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты.

Қасиетті Рамазан айында ЖМК бөлімшесінің қызметкерлері мен фильтр кабинетінің көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты.

Біздің емханада медициналық көмек көрсету сапасын бағалау мақсатында тұрақты негізде пациенттерге анонимді түрде сауалнама жүргізіледі.

Біздің емханада медициналық көмек көрсету сапасын бағалау мақсатында тұрақты негізде пациенттерге анонимді түрде сауалнама жүргізіледі. Бүгін жиналыс барысында сауалнама нәтижелері айтылып, оның қорытындысы бойынша емхана қызметкерлеріне пациенттердің жауаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар берілді. Біздің негізгі миссиямыз - тіркелген халыққа сапалы медициналық көмек көрсету.

Психолог мамандар М.А.Амангельдинова мен Г.Ж.Байсейтова конфликтік жағдайларды басқару бойынша тренинг өткізді.

Психолог мамандар М.А.Амангельдинова мен Г.Ж.Байсейтова конфликтік жағдайларды басқару бойынша тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты- жағдайларды түсіну, алдын алу, басқару және шешу бойынша білім мен дағдыларды игеру. Бұл тренинг туындаған мәселелерді сындарлы түрде шешуге ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік береді.

"№11 Қалалық емханада" мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар пациенттер үшін "жасыл дәліз" жұмыс істейді.

"№11 Қалалық емханада" мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар пациенттер үшін "жасыл дәліз" жұмыс істейді.

📌Әлеуметтік қызметкерлер пациенттерді емханада алып жүріп, учаскелік қызмет пен қабылдау күні мен уақытын келісу бойынша тар бейінді мамандар арасында тығыз байланыс орнатады.
📍Медициналық-әлеуметтік қызмет 112 кабинет.

📅Жұмыс кестесі 08.00-20.00

📱Әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс телефоны :
8771 804 06 73, Абылай хан 30
8701 364 06 63 Теміржолшылар кенті

Қызметкерлерді "базалық реанимация" алгоритмі (Basic Life Support) және "Код көк" командасы бойынша оқыту

Қызметкерлерді "базалық реанимация" алгоритмі (Basic Life Support) және "Код көк" командасы бойынша оқыту. Бұл іс-шаралар зардап шеккен науқастың, келушінің немесе қызметкердің өмірін қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.