Психолог мамандар М.А.Амангельдинова мен Г.Ж.Байсейтова конфликтік жағдайларды басқару бойынша тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты- жағдайларды түсіну, алдын алу, басқару және шешу бойынша білім мен дағдыларды игеру. Бұл тренинг туындаған мәселелерді сындарлы түрде шешуге ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік береді.