Бүгін елорданың ботаникалық бағында Дүниежүзілік денсаулық күні мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шара өтті.

Әріптестеріміз «СӨЗДЕН ІСКЕ/ WALK THE TALK/ ОТ СЛОВ К ДЕЛУ»
ұранымен өткен осы акцияда қысқа қашықтыққа жүгірді.
Іс-шараға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла қатысты.

Ажар Ғиният өз сөзінде Дүниежүзілік денсаулық күнін өткізудің маңыздылығын атап өтіп, сонымен бірге барлығын өз денсаулығын нығайтуға, профилактикалық тексерулер мен егулерден уақтылы өтуге шақырды.

Дене белсенділігін насихаттауға бағытталған бұл іс-шараға 1 мыңнан астам адам қатысты.