Бүгін инфекционист дәрігер Г.Д.Искакова қызылшаны емдеу және диагностикалау бойынша медицина қызметкерлерімен семинар өткізді. Семинар барысында Гүлнара Досболқызы қызылшаның клиникалық көріністері, асқынулары, емдеу және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Семинар презентациялық материалдарды көрсетумен қатар жүрді.
Research Center
Емханада 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекені ұжымның ерлер қауымы ұйымдастырып, нәзік жанды әріптестеріне гүл мен тәтті сыйлар табыс етті.
Мерекелік шараны емхана директоры Ж.К.Сагандықов ашып, әйелдер қауымын көктемнің нәзік мерекемен құттықтады: " Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Осы тамаша көктем мерекесінде Сіздерге жұмысқа деген жауапкершілігіңіз үшін алғыс айтқым келеді, емхананың көптеген жетістіктері Сіздің адал еңбегіңіздің арқасында!"- деді ол өз сөзінде.
Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты, онда аналарға арналған, қуаныш пен махаббатқа толы домбыра әндері шырқалды. Осының барлығы қатысушыларға жақсы мерекелік көңіл күй сыйлады.
Емханамыздың ерлер қауымына алғыс айтамыз! Барша нәзік жандыларды көктем мерекесімен құттықтаймыз
Емхана қызметкерлері "Жүкті әйелдердегі қызылша: клиника, диагностика және емдеу" тақырыбындағы семинарға қатысты. Аталған шараны ҚДС басқармасы әлемдегі қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырып отыр.
Семинарда "Қалалық инфекциялық орталық" ШЖҚ МКК директорының орынбасары, Басқарманың бас штаттан тыс инфекционисті Атыгаева Сәуле Қабиқызы дәріс оқыды.
"№11 Қалалық емхананың" әлеуметтік қызметкерлері тұрақты негізде мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы науқастарға ыстық түскі ас түрінде әлеуметтік көмек көрсетеді. Бұл акцияның ұйымдастырушылары "Истоки добра" қайырымдылық ұйымы болып табылады.
Айлық аясында емханада туберкулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде
Айлық аясында емханада туберкулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Пациенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ радиорубка арқылы келушілер туберкулездің алғашқы белгілері, жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат алуда
️Әрбір мәселенің алдын алу әрқашан маңызды. Сол себепті профилактика бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімдермен үнемі профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Жуырда "Дауа" ЖДО үйлестіруші дәрігері М.С.Алгазина № 28 мектеп-гимназия оқушыларына "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" бойынша дәріс оқыды, сондай-ақ психолог М.А.Амангелдинова "Өзіне деген сенімділік деген не?" деген тақырыпта психологиялық тренинг өткізіп, эмоционалды тепе-теңдікке жету бойынша біраз кеңестермен бөлісті.