"Сары Код" аккредиттеу стандарты бойынша эпидемиолог дәрігер Ж.К.Тащанованың оқыту семинары. "Сары Код" - қауіпті дәрілік заттардың (мысалы, цитостатик), концентрацияланған химиялық және дезинфекциялық заттардың төгілуі кезінде белсендірілетін қауіпсіздік кодтарының бірі. "Сары Код" қауіпті химиялық заттардың төгілуі жағдайында уақтылы және тиімді әрекет етуге арналған.
Research Center
«№11 Қалалық емхана» ғимаратында «Қош келдің-әз наурыз» атты мерекелік іс шара атап өтілді. Бұл мереке - ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мейрамның бірі.
Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Аманбакова С.Б. барлығын келе жатқан көктем мерекесімен құттықтап, Наурыз мерекесінің адамдарды бір дастархан басына жинап, жақындастыратынын, бейбітшілік пен татулыққа, өзара үйлесімділікке шақыратынын атап өтті.
Ақ батамен басталған мерекелік іс-шарада қызмекерлердің өнерлі бүлдіршіндері өнер көрсетті. Ауыл ауылға бөлінген емхана бөлімшелері ұлттық тағамдардан дастархан жайып, қазақы нақышта киініп, қазақтың дәстүрлері- «Тұсаукесер», «Сырға салу» және «Айтыс» өнерлерінен қойылымдар қойды. Шара соңында «ауылдардың» дайындықтарын бағалаған қазылар алқасы «Достық жеңеді»-деген мақсатпен барлығына бірдей баға беріп, кәсіподақ атынан ақшалай сыйлар табыс етті. Мерекелік іс-шара қызық пен жақсы көңіл-күй сыйлады.
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Отбасыларыңызға береке, табыс, амандық тілейміз!
Коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған тренинг. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту ұжым ішіндегі тиімді өндіріс процесі үшін де, пациенттермен жұмыс істеу үшін де маңызды. Біздің емхананың психологтары аталған тренингті қызметкерлер үшін тұрақты негізде өткізеді.
"Жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу ережелері"бойынша оқыту және нұсқаулық.
Аталған іс-шараны жоғары санатты терапевт, клиникалық фармаколог А.А.Абдуаева және аға акушерка, аккредиттеу стандарттарының "көшбасшысы" Н.Е.Исламкулова. өткізді.
18-наурыз игі істер күні!
Наурыз мерекесі қарсаңында,
қайырымдылық акциясы мақсатында "Астана жастары" қалалық штабының волонтерлары мен емхананың әлеуметтік-психологиялық қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған гигиеналық құралдар мен мүгедектер арбасы түрінде әлеуметтік көмек көрсетті, сондай-ақ еріктілер қозғалысының жетекшісі Ким Елизавета Александровна Железнодорожный кентінідегі көп балалы отбасына азық-түлік себетін тапсырды.
Жақсылық жасуға асығайық!
"Yes. We can End TB" туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында емханада Ашық есіктер күні ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараны өткізудің негізгі міндеті халықты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, алғашқы белгілері туралы хабардар ету, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке тәрбиелеу болып тбылады.
Күні бойы емханада пациенттермен сұхбаттар жүргізіліп, туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша бейнероликтер көрсетілді,
Сонымен қатар, профилактика бөлімінің қызметкерлері "Гүлжан" СҮ-де ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сауда үйіне келушілер мен жалға алушыларға ақпараттық материалдар таратылып, аурудың алдын алу бойынша ақпараттар берілді, өйткені аталған аурудан қорғану үшін әркім туберкулездің қоздырғышы, оның таралу жолдары және инфекциядан қалай сақтану керектігі туралы білуі керек.