ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі
12-тарау. АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
76-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ету кепілдігі
- Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:
1) медициналық көмекке тең қол жеткізуге;
2) медициналық көмектің сапасына;
3) дәрілік қамтамасыз етудің сапасына;
4) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, тиімділігі мен қауіпсіздігіне;
5) аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізуге;
6) репродуктивтілікті таңдау еркіндігіне, репродуктивтік денсаулықты сақтауға және репродуктивтік құқықтарын сақтауға;
7) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылыққа кепілдік береді.
- Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың қандай да бір аурулары мен жай-күйлерінің болуына орай кемсітушілік пен стигматизацияның кез келген нысандарынан қорғауға кепілдік береді.
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ
«№11 қалалық емхана» МКК-ның
жұмыс уақыты:
1. Call-центр: 8.00 -ден 20.00-ге дейін көп арналы телефондар арқылы сіздің қоңырауларыңызды қабылдайды:
☎(87172) 69-71-85 (Телім дәрігерінің қызметі мен арнайы мамандардың жұмысы туралы, қоңыраулар мен активтерді қабылдау, учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандарға жазылу) (дүйсенбі-сенбі).
Қосымша телефон нөмірлері (әр ұялы байланыс операторлары): ☎ 8778 003 7145 (АКТИВ)
2. Мобильді бригаданы шақырту (ЖРВИ белгілері кезінде): 8 (71 72) 69-71-85, 8 771 010 86 43 (ДС-ЖС, 8:00-ден 20:00-ге дейін)
3. Телімдік жалпы тәжірибелік дәрігерлердің қабылдауы: 8.00 ден 20.00 дейін алдын ала жазылу бойынша;
4. Сүзгі кабинетінің жұмыс уақыты сағат 8.00 ден 18.00 дейін.
5. Вакцинациялау бөлмесі (COVID-19): 8.00 до 20.00 (жұмыс күндері); 9.00 ден 20.00 дейін (демалыс және мереке күндері) Абылайхан даңғылы, 30 мекен жайы бойынша, №207 кабинет;
6. Пациенттерді қолдау қызметі: 8.00 ден 18.00 дейін мына телефон номері арқылы:
☎(87172) 57-11-03 (дүйсенбі-жұма).