«№11 Қалалық емхана» ғимаратында «Қош келдің-әз наурыз» атты мерекелік іс шара атап өтілді. Бұл мереке - ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мейрамның бірі.

Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Аманбакова С.Б. барлығын келе жатқан көктем мерекесімен құттықтап, Наурыз мерекесінің адамдарды бір дастархан басына жинап, жақындастыратынын, бейбітшілік пен татулыққа, өзара үйлесімділікке шақыратынын атап өтті.
Ақ батамен басталған мерекелік іс-шарада қызмекерлердің өнерлі бүлдіршіндері өнер көрсетті. Ауыл ауылға бөлінген емхана бөлімшелері ұлттық тағамдардан дастархан жайып, қазақы нақышта киініп, қазақтың дәстүрлері- «Тұсаукесер», «Сырға салу» және «Айтыс» өнерлерінен қойылымдар қойды. Шара соңында «ауылдардың» дайындықтарын бағалаған қазылар алқасы «Достық жеңеді»-деген мақсатпен барлығына бірдей баға беріп, кәсіподақ атынан ақшалай сыйлар табыс етті. Мерекелік іс-шара қызық пен жақсы көңіл-күй сыйлады.
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Отбасыларыңызға береке, табыс, амандық тілейміз!