Пациенттердегі полипрагмазияны азайту және фармакотерапияны оңтайландыру мақсатында жоғары санатты терапевт, клиникалық фармаколог А.А.Абдуаева жалпы практика дәрігерлеріне арналған "Полипрагмазия" тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Қазіргі уақытта полипрагмазия ятрогенияның нәтижесі ретінде денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі болып табылады. Полипрагмазия дегеніміз бірнеше дәрі-дәрмектерді бір мезгілде тағайындау салдарынан туған әр түрлі дәрі-дәрмектердің бір-біріне әсер етуі, яғни жүрек айну, іш қату, бас ауруы, немесе қан кету сияқты жанама әсерлердің пайда болуы.