"Туберкулезге қатысты стигматизацияны төмендету" тақырыбы бойынша тренинг.
Бұл тренингтің мақсаты туберкулезбен ауыратын науқастарға стигма мен оларды шеттету деңгейін төмендету болып табылады.
Стигма дегеніміз туберкулезбен ауыратын адамға жағымсыз пікірлер немесе көзқарастар, бұл аурудың болуын жасыруға мәжбүр етеді және кеш емделуге немесе емделуден бас тартуға себеп болуы мүмкін, сонымен бірге аурудың басқаларға жұқтыру қаупін арттырады.